Латвияның әуе кеңістігіне кірген дронды НАТО жойғыш ұшақтары атып түсіргені хабарланды.
Латвия Қарулы күштері оқиғаға байланысты «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде Латвияның әуе кеңістігінде қауіп бар екені айтылып, тұрғындарға ғимараттарға кіру ескертілді.
Аугшдаугава, Прейли, Резекне және Балви муниципалитеттерін қамтитын әуе қаупі туралы ескерту жарияланды. Тұрғындарға төмен ұшып жүрген немесе күмәнді нысандарға жақындамау, сондай нысан байқалған жағдайда құзырлы органдарға хабарлау қажеттігі ескертілді.
Кейін Қарулы күштер тағы бір мәлімдеме жасап, қауіптің сейілгенін хабарлады. Онда: «Одақтас НАТО жойғыш ұшақтары әуе кеңістігіне кірген дронды сәтті атып түсірді», – делінген.
Әзірге дронның қайдан келгеніне қатысты ешқандай мәлімет жарияланған жоқ.
Сонымен қатар Финляндия елдің оңтүстігінде, Ресей шекарасына жақын аумақта әуе және теңіз қозғалысына уақытша шектеулер енгізгенін мәлімдеді.























