ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Мысыр астанасы Каирдегі сауда орталығында болған жарылыстан 3 адам қаза тауып, 17 адам жараланды.
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Үлкен Мысыр мұражайы, Гиза.

Жаңа Каир ауданындағы “Arabella Plaza” сауда орталығының бірінші қабатында орналасқан дүкенде гелий газы баллоны жарылып, өрт шықты.

Оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алды.

Мысыр Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде жарылыс “Arabella Plaza” сауда орталығында болғаны, одан кейін шыққан шағын өртті азаматтық қорғаныс қызметкерлері бақылауға алғаны айтылды.

Жарылыс салдарынан маңайдағы кейбір дүкендердің витриналары да зақымданған.

Мысыр Бас прокуратурасы жарылыс болған дүкен иесін қамауға алу туралы нұсқау бергені хабарланды.

Бас прокуратура алғашқы тексеру барысында жарылыстың газ баллонынан болғаны анықталғанын және оқиғаның нақты себебін зерттеу үшін арнайы сарапшы тобы тағайындалғанын мәлімдеді.

Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.

Іздеу
Қырғызстанда өтетін 6-шы Дүниежүзілік көшпенді ойындарының мәдени бағдарламасы таныстырылды
Түрік әуе жолдары өз тарихындағы ең ұзақ тікелей рейсті орындады
Түркиялық дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасты
Вьетнам 2030 жылға дейін 10 мың жасанды интеллект маманын дайындауды мақсат етеді
Жастар арасындағы жұмыссыздық әлем көлемінде соңғы бір жылда артты
17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы волейболда Түркия құрамасы көш бастап тұр
АҚШ президенті Трамп келіссөздер мәселесінде Иранға сенбейтінін айтты
ЕО-да уақытша қорғаудағы украиналықтар саны 4,41 миллионға жетті
Түркия Колумбияның басып алынған Голан жоталарына қатысты ұстанымын айыптады
Түркия Арктикадағы климат пен экожүйе өзгерістерін зерттеуде
Пәкістан Ішкі істер министрі Иранда
Махмуд Аббас Түркияға келеді
Иран Сыртқы істер министрі Аракчи: «Соғыста да, дипломатияда да жеңіске жеттік»
Қытайдың ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: "Long March 7A" зымыранында ақау шықты
Зорлу: «Мекке ортақ қорғаныс келісімі арқылы Оңтүстік дәліздің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді»