Ұлттық қорғаныс министрлігі кеше кешкісін Малатияда апатқа ұшыраған S-70 типті тікұшақтағы 4 әскери қызметкердің шейіт болғанын хабарлады.
Министрлік таратқан мәлімдемеде «S-70 типті тікұшағымыздың әзірге белгісіз себеппен Малатияда апатқа ұшырауы салдарынан тікұшақтағы 4 қаһарман қаруласымыз шейіт болды. Шейіттерімізге Алладан рақым, қайғылы отбасыларына, Түрік Қарулы Күштеріне және асыл халқымызға көңіл айтып, сабыр тілейміз» деп айтылды.
ҰСЫНЫЛҒАН
Оқиғаға қатысты Малатия Бас прокуратурасы тарапынан тергеу басталды.





















