“Microsoft 365” пайдаланушылары сервистердің жұмысындағы ауқымды ақаудың 12 сағаттан узақ уақытқа созылғанына байланысты жаппай қиындықтарға тап болып отыр. Ақау көптеген аймақта “Outlook”, “Exchange Online”, “Teams” және “Microsoft” компаниясының басқа да қызметтеріне қол жеткізуге кері әсерін тигізуде.
“Microsoft” қалпына келтіру шараларының күткендей нәтиже бермегенін мәлімдеді.
“Microsoft 365 Status” қызметі “X” әлеуметтік желісінде жариялаған соңғы мәлімдемесінде қызмет сапасын жақсарту үшін енгізілген өзгерістердің нәтижелерін бақылап отырғанын, алайда олардың күткен нәтижеге жеткізбегенін растады.
Компания: «Қызмет сапасын жақсарту мақсатында енгізілген өзгерістердің әсерін бақылап, олардың күткендей нәтиже бермегенін анықтадық. Жүктемені басқарудағы тұрақсыздық әлі де сақталып отырғандықтан, жүйенің өткізу қабілетін арттыру үшін балама шешімдер әзірлеп жатырмыз», – деп мәлімдеді.
“Microsoft” бұған дейінгі мәлімдемесінде инфрақұрылымға түскен шамадан тыс жүктеменің пайдаланушылар санының көптігінен туындамағанын хабарлады.
Оның орнына бірқатар сервердің күтпеген жерден істен шығуы қолданыстағы инфрақұрылымға қосымша жүктеме жасағаны айтылды.





















