ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Хирургтар қашықтан басқарған адам тәріздес роботтар шошқаларға лапароскопиялық әдіспен өт қабын алып тастау отасын сәтті аяқтады.
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады

Калифорния Сан-Диего университетінің (UCSD) инженерлері мен хирургтарынан құралған топ екі аяқты гуманоид (адам тәріздес) роботтардың ота жасаудағы тиімділігін тексерді.

Зерттеушілер ең алдымен роботтардың ұсақ моторикалық дағдылары мен хирургиялық құралдарды пайдалану қабілеттерін жансыз нысандарда сынап көрді. Сынақтан сәтті өткен роботтар кейін жансыздандырылған шошқаларға жасалған жабық өт қабын алып тастау отасына қатыстырылды.

Қашықтан хирург басқарып отырған роботқа ота үстелінің жанында тағы бір дәрігер ассистенттік етті. Ота кезінде екінші гуманоид робот та қысқа мерзімге процеске араласып, ота сәтті аяқталды.

Лапароскопиялық хирургияда «da Vinci» сияқты стационарлық роботтандырылған жүйелер ұзақ уақыттан бері қолданылып келсе, бұл зерттеуде алғаш рет адам тәріздес робот ота жасады.

“Nature” журналында жарияланған зерттеуде адам тәріздес роботтардың күрделі оталарда хирургтарға қолдау көрсете алатыны атап өтілді.

Мүмкіндігі шектеулі аймақтарда және ғарышта қолданылуы мүмкін

Дәстүрлі роботтандырылған хирургиялық жүйелермен салыстырғанда аз орын алатын және тасымалдауға жеңіл адам тәріздес роботтардың білікті дәрігерлер тапшы аймақтарда қашықтан ота жасау мүмкіндігін ұсына алатыны айтылды.

Сарапшылар қашықтан басқарылатын бұл роботтардың қауіпті аймақтарда, медициналық мүмкіндіктері шектеулі елді мекендерде және тіпті ғарыш миссияларында маңызды рөл атқара алатынын айтады.

Іздеу
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті
Қырғызстан мен Беларусь сауда айналымын 500 миллион долларға жеткізуді мақсат етеді
Иран: "АҚШ-пен хабар алмасу және делдалдық жалғасуда"
Ресей қатысатындықтан Венеция биенналесіне грант тоқтатылады
Ресей: «Одесса портын және Украина армиясына жүк тасымалдаған кемелерді нысанаға алдық»
Өзбекстан экономикасы жылдың алғашқы жартысында 8,5 пайыз өсті
Франция 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салды
БҰҰ АҚШ-Иран текетіресін «дипломатиялық жолмен шешуге» шақырды
«Израильдің Ливан аумағынан толық шығуы — тұрақтылыққа қол жеткізудегі басты қадам»
Сомалидегі түрік әскерінің қызмет мерзімі екі жылға ұзартылды
Ресейдегі "Wildberries" орталықтарына шабуыл жасалды
Трамп Сауд Арабиясымен жасалған азаматтық ядролық келісімді мақұлдады