ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Керемет қартаюға қарсы дәрі табылған күннің өзінде шексіз өмір сүрудің биологиялық тұрғыдан мүмкін еместігі анықталды.
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Мәңгілік өмірдің биологиялық тұрғыдан мүмкін еместігі дәлелденді.

Ғылым әлемінде ұзақ уақыт бойы талқыланып келген «Мәңгі өмір сүру мүмкін бе?» деген сұраққа жауап іздеген зерттеушілер қартаюға байланысты барлық ауру жойылған күннің өзінде де адам өмірінің белгілі бір шегі бар екенін көрсетті.

Ресейдегі Сколково Ғылым және технология институты жүргізген зерттеуде адам ағзасындағы бүкіл биологиялық тозудың алды алынса да, клеткаларда жинақталатын соматикалық ДНҚ мутацияларының уақыт өте келе ағзалардың қызметін тоқтататыны анықталды.

Компьютерлік симуляцияларға сүйенген бұл сценарийге сәйкес, барлық аурулардың тамырына балта шабылса да, адамның орташа өмір сүру ұзақтығы ең көп дегенде 150-ден 190 жасқа дейін ғана болуы мүмкін деп болжануда.

Жүрек пен ми клеткалары жаңармайды

Әзірленген математикалық модельдеу қартаюдың ең басты анықтаушы факторы органдық деңгейдегі клеткалардың жаңаруы екенін көрсетеді.

Бауыр мен тері сияқты ұлпалар өздерін үздіксіз жаңартып, мутацияға ұшыраған клеткаларды тазалай алғанымен, ми мен жүрек сияқты өміршең маңызы бар ағзалардағы клеткалар жаңармайды.

Жылдар өткен сайын осы ұзақ жасаушы клеткаларда жинақталған зақымдалған ДНҚ-лар ақыр соңында органдардың жұмыс істей алмайтын күйге түсуіне себеп болып, адам өмірінің соңғы шегін айқындайды.

Мақсат — өмірді ұзарту емес, сапалы қартаю

Зерттеуді жүргізген сарапшылар алынған мәліметтердің кесіп айтылған болжам емес, қартаю механизмін түсінуге бағытталған математикалық модель екенін баса айтады.

Бүгінгі таңда адамдардың бұл теориялық (150-ден 190 жасқа дейінгі) шектен әлдеқайда аз өмір сүруі қартаюдың жалғыз себебі ДНҚ мутациялары емес екенін және бұл процестің әлдеқайда күрделі факторлармен қалыптасатынын көрсетеді.

Биологиялық процестердің қартаюға әсерін өлшеуді жеңілдететін бұл зерттеу болашақта өмірді жасанды түрде ұзартудан гөрі, қартайған шақта салауатты әрі сапалы өмір сүруге бағытталған емдеу әдістеріне басымдық берілуі керектігін дәлелдейді.

Іздеу
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті
Қырғызстан мен Беларусь сауда айналымын 500 миллион долларға жеткізуді мақсат етеді
Иран: "АҚШ-пен хабар алмасу және делдалдық жалғасуда"
Ресей қатысатындықтан Венеция биенналесіне грант тоқтатылады
Ресей: «Одесса портын және Украина армиясына жүк тасымалдаған кемелерді нысанаға алдық»
Өзбекстан экономикасы жылдың алғашқы жартысында 8,5 пайыз өсті
Франция 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салды
БҰҰ АҚШ-Иран текетіресін «дипломатиялық жолмен шешуге» шақырды
«Израильдің Ливан аумағынан толық шығуы — тұрақтылыққа қол жеткізудегі басты қадам»
Сомалидегі түрік әскерінің қызмет мерзімі екі жылға ұзартылды
Ресейдегі "Wildberries" орталықтарына шабуыл жасалды
Трамп Сауд Арабиясымен жасалған азаматтық ядролық келісімді мақұлдады