ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
Индонезияда “TikTok” пен “YouTube” балаларға тиесілі 4,7 миллион аккаунтты жапты
Индонезияның Байланыс және цифрлық істер министрі Меутя Хафид «Заңды сақтау мәселесінде ешқандай ымыраға жол берілмейтінін тағы бір мәрте баса айтамыз», — деді.
Индонезияда “TikTok” пен “YouTube” балаларға тиесілі 4,7 миллион аккаунтты жапты
Индонезияда “TikTok” пен “YouTube” балаларға тиесілі 4,7 миллион аккаунтты жапты / AP

Индонезияның Байланыс министрі Меутя Хафид әлеуметтік желілердегі шектеулер өз әсерін көрсете бастағаннан кейін “TikTok” және “YouTube” әлеуметтік желі компанияларының 16 жасқа толмаған балаларға тиесілі жалпы саны шамамен 4,7 миллион аккаунтты жапқанын мәлімдеді.

Байланыс және цифрлық істер министрі Меутя Хафид бейсенбі күні кешкі уақытта жасаған мәлімдемесінде Қытайда орналасқан “ByteDance” технологиялық компаниясы тарапынан жасалған “TikTok-тың” 4,1 миллион аккаунтты, ал “Alphabet” құрамындағы “Google-дың” видео платформасы “YouTube-тың” 600 мың аккаунтты жапқанын жариялап, министрліктің басқа әлеуметтік желі платформаларынан да осы қадамды қайталауын талап ететінін жеткізді.

Екі компания да бұл мәселеге қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

Индонезия наурыз айында жоғары тәуекелді деп танылған платформаларға ие әлеуметтік желі компанияларына 16 жасқа толмаған балалардың аккаунттарын жабуды міндеттейтін ережені жариялады. Қазіргі уақытқа дейін бұл санатқа енгізілген платформалардың қатарында “X”, “Meta” компаниясына тиесілі “Instagram” және “Roblox” ойын платформасы бар.

Министр Меутя бұл қолданыстың мақсаты тек балалардың бұл платформаларға қолжетімділігін кешіктіру ғана емес, сонымен бірге платформалардың әрекет ету тәртібін де өзгерту екенін тілге тиек етіп, министрліктің қазіргі уақытта компаниялар ұсынған өзін-өзі бағалау есептерін тексеріп жатқанын білдірді.

Индонезия үкіметінің кибербуллинг (интернеттегі зорлық-зомбылық) пен тәуелділік қаупін азайту мақсатында енгізген әлеуметтік желі шектеулері, жасөспірімдердің психикалық денсаулығына тигізуі мүмкін ықтимал жағымсыз әсерлерге қатысты алаңдаушылықтар салдарынан Аустралияның өткен жылы енгізген тыйымынан кейін жүзеге асырылып отыр.

Аустралияның бұл батыл қолданысы кәмелетке толмағандардың психикалық және физикалық денсаулығына қатысты алаңдаушылықтарға байланысты ұқсас қадамдар жасағысы келетін елдер тарапынан мұқият бақылануда.

Біріккен Корольдік осы айда ойын және тікелей трансляция платформаларын да қамтитын неғұрлым кең көлемді шектеулер енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты