ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Қытайдың ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: "Long March 7A" зымыранында ақау шықты
“Синьхуа” “Zhongxing-4B” байланыс жерсерігін алып бара жатқан зымыранның ұшуы кезінде “ауытқу” болғанын хабарлап, сәтсіздіктің себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.
Қытайдың ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: "Long March 7A" зымыранында ақау шықты
2026 жылы 10 тамызда Хайнаньда ұшырылу кезінде жарылған Қытайдың "Long March 7A" зымыраны. / Reuters

Мемлекеттік БАҚ байланыс жерсерігін алып бара жатқан Қытай зымыранын ұшыру сәтсіз аяқталғанын хабарлады. Ресми органдар сәтсіздікті «ұшу кезіндегі ауытқумен» байланыстырды.

“Xinhua” мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясының Вэньчан ғарыш айлағынан жергілікті уақытпен сағат 20:02-де (GMT 12:02) ұшырылған “Long March 7A” зымыран тасығышының ұшырылымы сәтсіз аяқталды.

“Xinhua” “Zhongxing-4B” байланыс жерсерігін алып бара жатқан зымыранның ұшуы кезінде “ауытқу” болғанын хабарлап, акаудың себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.

Сингапурда орналасқан “Channel News Asia” телеарнасы “Instagram”-дағы жазбасында зымыранның жарылғанын хабарлап, оқиға орнында аспандағы отты шарды таңдана бақылап тұрған адамдардың видеосын жариялады.

“Күрделі” жұмыс

Қытай ғарыш агенттігінің мәліметінше, ел шілде айында алғаш рет қайта пайдалануға болатын зымыранды сәтті қондырды. Бұл жетістік Қытайдың ғарыш саласындағы мақсаттары мен ұшыру шығындарын азайту тұрғысынан маңызды қадам болды.

Қытай Америка Құрама Штаттары “Artemis” бағдарламасымен бәсекеде 2030 жылға дейін Айға ғарышкерлерді қондыруды көздеп отыр.

“SpaceX” компаниясының бас директоры Илон Маск “X” желісінде дүйсенбі күнгі сәтсіз ұшыру туралы жазбаға пікір білдіріп, «Зымыран өндірісі – өте күрделі жұмыс. Олар тез арада қалыпқа келеді деп үміттенемін», – деді.

Синьхуа 2020 жылдың наурызында Қытайдың сол жылы Вэньчан ғарыш айлағынан алғаш рет ұшырған “Long March 7A” зымыраны да “ақауға” байланысты сәтсіздікке ұшырағанын хабарлаған еді.

Іздеу
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды