ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия жаһандық орталыққа айналу үшін жасанды интеллектке ірі инвестиция салуды көздейді
Жаңа іс-қимыл жоспары жасанды интеллект инфрақұрылымын кеңейтуді, жеке инвестицияларды тартуды және Түркияның технологиялық әрі стартап экожүйесін нығайтуды мақсат етеді.
Түркия жаһандық орталыққа айналу үшін жасанды интеллектке ірі инвестиция салуды көздейді
Түркия жаһандық орталыққа айналу үшін жасанды интеллектке ірі инвестиция салуды көздейді / Anadolu Agency

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр Түркияның ауқымды инвестициялар мен жаңа ұлттық іс-қимыл жоспары арқылы жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Бейсенбі күні Стамбулда өткен «GITEX AI Türkiye» шарасында сөз сөйлеген Каджыр үкіметтің елдегі инновациялық экожүйені кеңейту үшін жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті.

Каджырдың айтуынша, қазіргі уақытта Түркияда 1 700 ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық орталық жұмыс істейді және 115 технопаркте 13 000-нан астам компанияға қолдау көрсетілуде.

“Мемлекеттік «қорлар қоры» (fund-of-funds) механизмдері стартап экожүйесі үшін 2,8 миллиард доллар қаржыны қозғалысқа салды, ал жақында жарияланған 300 миллион долларлық кәсіпкерлік капитал бұл секторға 750 миллион доллардан астам қосымша ресурс тартады”, деді Каджыр.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады

“Түркияда сегіз «юникорн» компания бар (жергілікті деңгейде «Turcorn» деп аталады) және елде 100 000 технологиялық стартап құру мақсат етіліп отыр”, деп қосты ол.

Сонымен қатар үкімет Стамбулдың халықаралық технологиялық орталық ретіндегі позициясын нығайту мақсатында бурынғы Стамбул Ататурк әуежайының терминалын әлемдегі ең үлкен стартап хабына айналдыруда.

Жасанды интеллект инвестициялары мен инфрақұрылым

Каджыр Түркияның жасанды интеллектке бағытталған венчурлық капитал қорларына 150 миллион доллар мемлекеттік ресурс бөлетінін айтты.

Үкіметтің 30 миллиард долларлық қолдау бастамасы болып табылатын HIT-30 бағдарламасы цифрлық трансформацияны жеделдетуді мақсат еткен жасанды интеллект жобалары үшін 1,6 миллиард долларлық шақыруды қамтиды.

2026–2030 жылдарға арналған Жасанды интеллект іс-қимыл жоспары шеңберінде Түркия мемлекеттік инвестициялық бағдарламалардың кемінде 2 пайызын жасанды интеллект жобаларына бөлуді жоспарлап отыр.

2030 жылға қарай ел деректер орталығының қуатын бір гигаватқа дейін арттыруды және бұлттық технологиялар мен цифрлық инфрақұрылымға кем дегенде 10 миллиард доллар жеке инвестиция жұмылдыруды мақсат етеді.

Сонымен бірге Каджыр үкіметтің жақын арада әзірлеушілерге «BİLGE» тіл моделінің алғашқы нұсқасын ұсынатынын жеткізді.

Бұдан бөлек, ол толықтай электрлі ұлттық «TOGG» автокөлігіне тоқталып, бүгінде бұл көліктердің Түркия жолдарында 120 000-ға жуығы жүргенін атап өтті.

Іздеу
Түркия Республика күнін тойлауда
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді
БҰҰ Угандадағы азық-түлік тапшылығы туралы ескертті
Мьянмада еліне оралған жүздеген азаматтың ұсталғаны хабарланды
Ресей Украинаның Херсон бағытында уақытша атысты тоқтату режимін енгізді
Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Түркия, Сауд Арабиясы, Пәкістан және Иран аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылады
Түркия жандармериясы Испаниядан 101 медальмен оралды
Нигериядағы қарулы шабуылдан 48 адам қаза тапты
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістанның жоғары лауазымды өкілдері Иранға барады
Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммитінде ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады
Тегеранда төрт елдің жоғары лауазымды өкілдері кездеседі