ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
Министр Кажыр Афьонкарахисардағы Емре көлінде өткен 28-ші TÜBİTAK Аспанды бақылау іс-шарасында БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр.

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Ай жобасы аясындағы мерзімнің нақтыланғанын мәлімдеп, «Гибридті қозғалтқыш зымыран жүйесімен жабдықталған Ай аппаратымызды 2027 жылдың алғашқы айларында ғарышқа ұшырамыз», - деді.

Министр Кажыр Афьонкарахисардағы Емре көлінде өткен 28-ші TÜBİTAK Аспанды бақылау іс-шарасында БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.

Кажыр Түркияның Ұлттық технологиялық серпіліс бастамасында ғарыш саласының аса маңызды орын алатынын атап өтіп, ғарыш пен ғарыш технологиялары қорғаныс өнеркәсібі сияқты маңызды салалар үшін де стратегиялық инфрақұрылым қалыптастыратынын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен аса маңызды жұмыстар жүзеге асырылғанын атап өткен Кажыр спутниктік технологиялар саласында “BİLSAT”, “RASAT”, “GÖKTÜRK-2”, “Türksat 6A” және “İMECE” жобалары арқылы елеулі мүмкіндіктерге қол жеткізілгеніне назар аударды.

Ғарышқа тәуелсіз қол жеткізу Түркия үшін стратегиялық мақсат екенін айтқан Каджыр елдің зымыран және зымырандық технологиялар саласында айтарлықтай мүмкіндіктерге ие екенін жеткізді.

“ROKETSAN”, “TÜBİTAK SAGE” және “Delta V” компанияларының да бұл бағытта маңызды жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өткен Кажыр сөзін былай жалғастырды:

«Бұл жұмыстардың нәтижесінде өз спутниктерімізді өз мүмкіндігімізбен ғарышқа шығаратын зымырандарды өндіру деңгейіне біртіндеп жақындап келеміз. Ғарышқа тәуелсіз қол жеткізу үшін ғарыш айлағы инфрақұрылымына ие болуды да басым бағыттардың бірі ретінде қарастырып отырмыз».

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Арктикадағы климат пен экожүйе өзгерістерін зерттеуде
Іздеу
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты