ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
“Ғылыми фантастикадағы ғарыш айлағы” Луизинада бой көтермек
Бұл нысан “Starship” қатысатын миссияларды кеңейтуде негізгі рөл атқарады.
“Ғылыми фантастикадағы ғарыш айлағы” Луизинада бой көтермек
"SpaceX" президенті және бас операциялық директоры Гвинн Шотвелл Луизианада ғарыш айлағын салу туралы келісімді жариялау іс-шарасында сөз сөйлеуде.. / AP

Билік өкілдері “SpaceX” компаниясының АҚШ-тың Луизиана штатында «әлемдегі ең ірі ғарыш айлағына» айналады деп жоспарланып отырған нысанды тұрғызуға 100 миллиард доллар инвестиция салатынын мәлімдеді.

Луизиана Экономикалық даму агенттігінің сейсенбі күнгі мәлімдемесіне сәйкес, нысан Вермилионда бой көтеріп, жылына мыңдаған ұшыруды қамтамасыз етуге бейімделеді.

Жоба алдағы 10 жыл ішінде 3 000 тікелей жұмыс орнын ашып, орташа жылдық жалақы 92 600 долларды құрайды деп болжануда.

Сонымен қатар 8 100-ден астам жанама жұмыс орны ашылып, жалпы жұмыспен қамту мүмкіндіктерінің саны 11 100-ден аспақ.

«Бүгін — Луизиана үшін аса маңызды күн», - деді губернатор Джефф Лэндри. Ол бұл жоба штатты ғарыштық ұшулардың жаңа дәуірінің орталығына айналдыратынын атап өтті.

Бұл нысан “SpaceX”  компаниясының төртінші әрі ең ірі ұшыру орталығы болады және компанияның толықтай қайта пайдалануға болатын жаңа буын зымыран жүйесі — “Starship” қатысатын миссияларды кеңейтуде негізгі рөл атқарады.

Толық қуатына шыққан кезде нысанда әрқайсысы екі ұшыру алаңы мен зымыран отынына арналған алаңнан тұратын бес ұшыру кешені болады деп жоспарланып отыр.

Құрылыс 2027 жылы басталады деп жоспарлануда

Жоспарда сондай-ақ зымыран отынын өндіретін кәсіпорын, энергия өндіру инфрақұрылымы, ғарыш аппараттарын дайындау нысандары және қызметкерлер мен олардың отбасыларына арналған тұрғын үйлер қарастырылған.

«Біз осы уақытқа дейін тек ғылыми-фантастикалық шығармаларда ғана болған ғарыш айлағын тұрғызуға дайындалып жатырмыз», - деді “SpaceX” компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Илон Маск.

Маск “Starbase Louisiana” деп аталатын нысан ғарыш сапарларын әуе қатынасы секілді қалыпты әрі жүйелі құбылысқа айналдыру мақсатына қызмет ететінін айтты.

Құрылыс жұмыстары 2027 жылы басталып, алғашқы ұшыру 2029 жылға жоспарланып отырғаны хабарланды.

Луизиана билігінің мәлімдеуінше, таңдалған аумақта табиғи газ қоры мол, болашақта кеңеюге жеткілікті жер бар және Мексика шығанағы жағалауындағы ұшыру бағыттарына шығуға мүмкіндік мол.

Нысан орбиталық деректер орталықтарын, кеңейтілген спутниктік интернет байланысын, сондай-ақ болашақтағы Ай мен Марсқа ұшатын миссияларды қолдайды деп болжануда.

Жергілікті салық органдарымен жасалған келісімге сәйкес, “SpaceX” Вермилионға 25 жыл бойы жыл сайын 25 миллион доллар төлейді. Бұған қоса біржолғы 20 миллион доллар төлем жасалады. Осы келісім аясында тікелей төлемдер көлемі 820 миллион доллардан аспақ.

Компания сондай-ақ “Acadiana Community Foundation” қорына 25 миллион доллар қайырымдылық жасап, талаптарға сай келетін Вермилион тұрғындарына “Starlink” интернет тарифтеріне 50 пайыздық жеңілдік ұсынады.

Іздеу
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Жаңа ғаламшар табылды
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
«TEKNOFEST» 4 қазанға дейін жалғасады
«Otokar» шамамен 1,5 миллиард долларлық экспорт келісімшартына қол қойды
«TEKNOFEST» жалғасуда
ЖИ адамға түсініксіз тіл қолданып, алаңдаушылық туғызып отыр
Кофенің иісі көңіл-күй мен ми толқындарын өзгерте алады
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
ЖИ қауіпті қаруға айнала ма? “Anthropic” жаңа қатерлерді анықтады
Түркия жаһандық орталыққа айналу үшін жасанды интеллектке ірі инвестиция салуды көздейді
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады