ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
“Meta” балаларға келтірілген зиянға байланысты АҚШ-та жаңа сот ісіне тап болды
Екі рет сотта жеңіліп, өтемақы көлемі 1 миллиард долларға жуықтағаннан кейін “Meta” осы аптада АҚШ-тың төрт штаты қозғаған тағы бір сот ісімен бетпе-бет келмек.
“Meta” балаларға келтірілген зиянға байланысты АҚШ-та жаңа сот ісіне тап болды
“Meta” балаларға келтірілген зиянға байланысты АҚШ-та жаңа сот ісіне тап болды. / Reuters

АҚШ-та әлеуметтік желілерге қарсы қозғалған көптеген сот ісінің ішінде салдары ең ауыр болуы ықтимал үдерістердің бірі саналатын бұл федералдық іс сәрсенбі күні Сан-Франциско маңындағы Окленд қаласының федералдық сотында алқабилерді іріктеуден басталады.

Тараптардың кіріспе сөздері 18 тамызда басталады деп жоспарлануда. Сот процесі шамамен алты аптаға созылып, үкім қазан айының басында шығуы мүмкін.

Калифорния, Колорадо, Кентукки және Нью-Джерси штаттарының бас прокурорлары әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі компанияларының бірі “Instagram” мен “Facebook” платформаларын балаларды әдейі тәуелді етуге бейімдеп жасаған деп айыптайды.

Бұған қоса олар “Instagram” мен “Facebook”-тің кәмелетке толмаған балалар үшін жұмыс істеу тәртібіне қатысты бірқатар қатаң шектеу енгізуді талап етіп отыр. Сондай-ақ “Meta”-дан 1,4 триллион долларға дейін айыппұлдық өтемақы өндіріп алуды сұрайды. Бұл сома компанияның бүкіл нарықтық құнына жуық: жұма күнгі көрсеткіш бойынша “Meta”-ның нарықтық капитализациясы 1,5 триллион доллардан асқан.

“Meta”-ның негізін қалаушы әрі бас директоры Марк Цукерберг – айыптаушы тарап куәгер ретінде шақыруды жоспарлап отырған негізгі тұлғалардың бірі.

Цукерберг осыдан алты ай бұрын Лос-Анджелесте қаралған бөлек сот ісінде де куәлік берген болатын.

Іздеу
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды