ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Польша астанасы Варшавада шамамен 30 робот жасанды интеллект пен роботтандырудың еңбек нарығына әсерін көрсету және заңнамалық реттеу мақсатында Цифрлық істер министрлігінің алдында акция өткізді.
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Польшадағы роботтардың акциясы

«Democratism» деп аталатын бастама ұйымдастырған наразылық акциясына екі аяқты гуманоид роботтардан бастап, төрт аяқты робот-иттерге дейінгі әртүрлі модельдер қатысты.

Қолдарына байрақ ұстап, министрлік ғимаратының алдында шерулеткен роботтар дауыс зорайтқыштар арқылы «Жұмыс орындарын қорғаңыздар», «Ереже енгізетін уақыт жетті» және «Күтпеңіздер, реттеңіздер» деген ұран тастады.

«Технологияның қазірдің өзінде шынайылыққа айналғанын көрсеткіміз келеді»

Акцияға қатысқан жасанды интелектпен жабдықталған “Agibot A3” гуманоид роботы: «Осы жердегі роботтар бұл технологияның енді алыс болашақ емес, қазірдің өзінде шынайылыққа айналғанын көрсетуді мақсат етеді», — деп мәлімдеді.

Наразылық акциясын ұйымдастырушы Гжегож Кулис гуманоид роботтардың да, жасанды интелекттің де, әсіресе, ақыл-ойды талап ететін жұмыстарда адамдардың орнын басу қаупіне басымдық бергендерін атап өтті.

Кулис: «Егер қазір әрекет етпесек, жақында үлкен мәселеге тап болуымыз мүмкін. Бізге жұмысшыларды қорғайтын қалқан болатын ережелер мен реттеулер қажет», — деді.

Министр акция өткен аумаққа келді

Наразылық акциясы өткен жерге барған Польшаның Цифрлық істер министрі Кшиштоф Гавковский ұйымдастырушылармен кездесті. Гавковский бақылаусыз жасанды интелект модельдерінің гуманоид роботтарға біріктірілуі және бұл роботтардың уақыт өте келе өздігінен дами беруі үлкен қауіп төндіретінін баса айтты.

Польшада өткен шілде айында мемлекет басшысы Кароль Навроцкий Еуропалық Одақтың Жасанды интелект туралы заңын (EU AI Act) ел көлемінде жүзеге асыратын заң жобасын бекіткен болатын.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді