САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Нетаньяху мен Кушнер Газа мәселесінде келісе алмады
Израильдің  15-телеарнасы мәселеден хабардар дереккөзге сілтеме жасап, Нетаньяхудың Газаға шабуылдауды жалғастыратынын мәлімдеді.
Нетаньяху мен Кушнер Газа мәселесінде келісе алмады
Нетаньяху мен Кушнер Газа мәселесінде келісе алмады / Reuters Archive

Израильдің 15-телеарнасының хабарлауынша, Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Джаред Кушнерге Израильдің қоршаудағы Газаға шабуылдауды жалғастыратынын айтқан. Ал Кушнер бұл әрекеттерге қарсы екенін білдірген.

15-телеарна дүйсенбі күні мәселеден хабардар дереккөзге сілтеме жасап, «Нетаньяху мен Кушнер Газа мәселесінде ортақ келісімге келе алмады» деп хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, Нетаньяху шабуылдардың жалғасатынын ашық айтса, Кушнер оған қарсылық білдірген.

Нетаньяху дүйсенбі күні Израильде Трамптың арнайы өкілі Кушнер және Бейбітшілік кеңесінің Газа бойынша жоғары өкілі Николай Младеновпен кездесті.

Кушнер жексенбі күні Мысырдан Израильге барған. Мысырда ол президент Абдель Фаттах ас-Сисимен және ХАМАС саяси бюросының жетекшісі Халил әл-Хайя бастаған өкілдермен кездескен.

ҚатыстыTRT Қазақ - Кушнер Нетаньяхумен кездеседі

Израиль Газадан әскер шығармас бұрын ХАМАС-тың толық қарусыздануын талап етіп отыр. Ал ХАМАС Израиль аймақтан шығатын болса, қаруын тапсыруға дайын екенін мәлімдеген.

Нетаньяху бұған дейін Газаға қатысты 15 тармақтан тұратын жоспарды қабылдамай, Бейбітшілік кеңесі жариялаған жол картасына қарамастан, ХАМАС-тың қарусыздануын талап еткен. Аталған жол картасында ХАМАС-ты қарусыздандыру мен Израиль әскерінің шығарылуын кезең-кезеңімен жүргізу көзделген.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді