ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей: «Одесса портын және Украина армиясына жүк тасымалдаған кемелерді нысанаға алдық»
Одесса қаласында әскери мақсаттағы жүктерді сақтауға пайдаланылғаны айтылған «Nova Poshta» компаниясының логистикалық орталығы да шабуылға ұшырады.
Ресей: «Одесса портын және Украина армиясына жүк тасымалдаған кемелерді нысанаға алдық»
"(МҰРАҒАТ) Ресей: "Одесса порты мен Украина армиясына жүк тасымалдайтын кемелерге соққы бердік"

Ресей Қорғаныс министрлігі Одесса портындағы инфрақұрылым нысандары мен Украина армиясына жүк тасымалдағаны айтылған екі кеменің жоғары дәлдіктегі қару-жарақ пен ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) көмегімен нысанаға алынғанын хабарлады.

Министрліктің мәлімдемесінде Ресей Қарулы күштері түнгі уақытта әуе және жерүсті базаларынан ұшырылған жоғары дәлдіктегі қару-жарақ пен соққы беруші дрондарды пайдаланып, Украинадағы нысандарға топтық шабуылдарын жалғастырғаны айтылды.

Мәлімдемеге сәйкес, шабуыл нәтижесінде Одесса теңіз сауда портындағы әскери жүктерді түсіру және сақтау үшін пайдаланылғаны мәлімделген порт инфрақұрылымы, сондай-ақ Украина армиясының қажеттілігіне арналған жанармай қоймалары нысанаға алынған.

Сондай-ақ Одессадан оңтүстікке қарай 15 және 53 шақырым қашықтықта теңізде жүзіп бара жатқан бір құрғақ жүк кемесі мен бір балкердің де соққыға ұшырағаны хабарланды. Ресей тарапының мәліметінше, бұл кемелер Одесса және Чорноморськ порттарына Украина армиясына арналған жүктерді тасымалдаған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресейдегі "Wildberries" орталықтарына шабуыл жасалды

Одессадағы “Nova Poshta” логистикалық орталығы да соққыға ұшырады

Министрлік мәлімдемесінде Одесса қаласындағы “Nova Poshta” компаниясына тиесілі, әскери жүктерді сақтауға пайдаланылғаны айтылған логистикалық орталықтың да нысанаға алынғаны көрсетілді.

Сондай-ақ Одессадан солтүстік-батысқа қарай шамамен 25 шақырым жердегі Ковалевка елді мекені маңында орналасқан «Нептун-2» жағалау қорғанысы зымыран кешенінің батареясына соққы берілгені, нәтижесінде екі зымыран ұшыру қондырғысы мен бір тасымалдау-жүктеу көлігінің жойылғаны хабарланды.

Іздеу
Канада АҚШ-пен сауда келіссөздерін жеделдетуге ниетті
Сомалиде тоғыз террорист залалсыздандырылды
Ресей мен Солтүстік Корея сыртқы істер министрлері кездесті
«АҚШ өңірге жаңа әскери техника жеткізуді жалғастыруда»
ХАМАС Халил әл-Хайяны саяси бюроның жаңа басшысы етіп тағайындады
Түркия: «Монтрё конвенциясының талаптарын 90 жылдан бері бұлжытпай орындап келеміз»
Иран президенті: «Экономикалық қысым әскери жетістіктерімізге кері әсер етуі мүмкін»
Энди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болды
Түркия мен Палестина Испанияны құттықтады
Мұнай бағасы артты
Президент Ердоған: «Кипр түрік халқын ешқашан жалғыз қалдырмаймыз»
Ерлер арасындағы Ұлттық волейбол командасының “VNL” ширек финалындағы қарсыласы — Словения
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мүдделерін қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді
Солтүстік Кипрде Бейбітшілік және бостандық күні атап өтілді
Венесуэладағы жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 5 208- ге жетті