САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Мұнай бағасы артты
АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың қайта өршуі және мұнай жеткізіліміне қатысты алаңдаушылықтың күшеюі салдарынан «Brent» маркалы мұнай бағасы маусым айынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді.
Мұнай бағасы артты
Мұнай бағасы артты / Reuters

Вашингтон мен Тегеранның өзара шабуылдары Ормуз бұғазындағы жаһандық энергия жеткізіліміне әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық салдарынан мұнай бағасы артты

Әлемде теңіз жолымен тасымалданатын мұнайдың шамамен бестен бірі Ормуз бұғазы арқылы өтеді.

«Brent» маркалы мұнай да, АҚШ-тың негізгі көрсеткіштік мұнайы саналатын «West Texas Intermediate» те жұма күні төрт пайыздан астам қымбаттады. «Brent» бағасы бір баррель үшін 91 доллардан асып, 11 маусымнан бергі ең жоғары деңгейге жетті.

АҚШ Иранға жаңа шабуылдар жасап, Тегеран Парсы шығанағындағы АҚШ-тың әскери нысандарына соққы бергеннен кейін мұнай бағасы артты.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда

Шикі мұнайдың қымбаттауы инфляцияның төмендеуіне кедергі келтіріп, пайыздық мөлшерлемені азайту мерзімін кейінге шегеруі мүмкін деген қауіп тудырды. Дегенмен кейбір сарапшылар басқа экономикалық көрсеткіштер бұл әсерді біршама бәсеңдетіп отырғанын айтады.

«SPI Asset Management» компаниясының өкілі Стивен Иннес: «Нарықта бір-біріне қайшы екі үрдіс қатар жүріп жатыр», – деді.

Мұнай бағасының қымбаттауы нарықтағы геосаяси тәуекелді күшейтіп отыр. Алайда Иннестің айтуынша, АҚШ-та инфляцияның бәсеңдеуі мен еңбек нарығындағы белсенділіктің төмендеуі энергия бағасындағы өсімнің ауқымды инфляцияға ұласуына жол бермейді.

Оның айтуынша, ең үлкен қауіп — мұнай бағасының ұзақ уақыт жоғары болып, халықтың шығынын азайтуы және экономикалық өсімді баяулатуы.

Іздеу
Қаратеңіздегі халықаралық мұнай терминалына шабуыл жасалды
Сирия президенті ұлттық қауіпсіздік және барлау қызметтерінің жаңа басшыларын тағайындады
Түркия Грекияның түрік азшылығы мектептерін жабу туралы шешімін айыптады
Әлем кубогы Испанияға бұйырды
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
АҚШ Грекияға әскери техника сатуды мақұлдады
Тоқаев: «Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналуы керек»
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады