САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран президенті: «Экономикалық қысым әскери жетістіктерімізге кері әсер етуі мүмкін»
Пезешкиан елінің жан-жақты соғыс жағдайында  екенін атап өтті.
Иран президенті: «Экономикалық қысым әскери жетістіктерімізге кері әсер етуі мүмкін»
Иран президенті: «Экономикалық қысым әскери жетістіктерімізге кері әсер етуі мүмкін»

Иран президенті Масуд Пезешкиан еліне жасалып жатқан экономикалық қысымға назар аударып, оның әскери жетістіктерге кері әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Пезешкиан Тегеранда өткен Жоғары сот кеңесінің отырысында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты пікір білдірді.

«Дұшпанға» қарсы нық ұстаным танытылған жағдайда қоғамның бірқатар қиындыққа тап болуы мүмкін екенін айтқан Пезешкиан Наурыз мерекесі, Рамазан айы мен соғыстың бір кезеңге тұспа-тұс келгенін атап өтті. Оның айтуынша, нарықта тауар тапшылығы болмаса да, кейбір өнімдердің бағасы өскен. Бұл үкіметтің салғырттығынан емес, экономикалық жағдай мен бірқатар шектеулерден туындаған.

Елінің қазіргі таңда жан-жақты соғыс жағдайында екенін атап өткен Пезешкиан: «Экономикалық қысым әскери жетістіктерімізге кері әсер етуі мүмкін. Қарулы күштер елді жанқиярлықпен қорғап жатыр. Алайда экономикалық қысым қоғамда наразылықтың күшеюіне әкеледі. Егер бұл наразылық кең тараса, халықтың билікке деген қолдауы әлсіреуі мүмкін», – деді.

Іздеу
Қаратеңіздегі халықаралық мұнай терминалына шабуыл жасалды
Сирия президенті ұлттық қауіпсіздік және барлау қызметтерінің жаңа басшыларын тағайындады
Түркия Грекияның түрік азшылығы мектептерін жабу туралы шешімін айыптады
Әлем кубогы Испанияға бұйырды
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
АҚШ Грекияға әскери техника сатуды мақұлдады
Тоқаев: «Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналуы керек»
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады