Палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС өзінің жоғары лауазымды мүшесі Халил әл-Хайяны 2024 жылдың қазан айында Газада Израиль күштері өлтірген Яхья Синуардың орнына саяси бюро басшысы етіп тағайындады.
Ұйым дүйсенбі күні мәлімдеме жариялап, әл-Хайяның Синуардың орнына саяси бюро басшысы болып сайланғанын жеткізді.
Халил әл-Хайя ХАМАС-тың ең танымал жетекшілерінің бірі ретінде белгілі.
2024 жылдың қазан айында Израиль Синуарды өлтіргеннен кейін, Халил әл-Хайя қозғалыстың Газадағы басшылығын өз қолына алды. Бұған дейін әл-Хайя Синуардың орынбасары болған еді.
Израиль ХАМАС-тың бұрынғы саяси бюро басшысы Исмаил Хания мен оның орынбасары Салих әл-Аруримен бірге ұйымның жоғары басшылығына қарсы қастандық жасағаннан кейін әл-Хайяның беделі одан әрі арта түсті. Оның басшылыққа келуі көпшілік тарапынан қолдау тапты.
Әл-Хайя 2021 жылғы ішкі сайлаудан кейін ХАМАС-тың Араб және ислам елдерімен байланыс жөніндегі кеңсесін басқарды.
1960 жылы дүниеге келген әл-Хайя 1997 жылы Судандағы Құран Кәрім университетінде Пайғамбар сүннеті және хадис ілімдері саласы бойынша докторлық дәрежесін алды. 2006 жылы Газа қаласының өкілі ретінде Палестина заң шығару кеңесіне сайланды.
Әл-Хайяның ұлы Хамза ХАМАС-тың қарулы қанаты — «Кассам бригадаларында» дала командирі болған. Ол 2008 жылы Газа қаласының шығысында Израиль күштерімен болған қақтығыста қаза тапты.
2007 жылдың 20 мамырында Израиль күштері Газа қаласының шығысында Әл-Хайяның отбасы жиналған жерді бомбалады. Оған жасалған осы қастандық кезінде оның бірнеше бауыры және ұлдарымен бірге сегіз туысы қаза тапты.
Израильдің Газада жалғасып жатқан геноциді кезінде әл-Хайяның жақындары да қаза тапты.
2023 жылдың қазан айынан бері Газада 73 мыңнан астам адам қаза тауып, 173 мыңнан астам адам жараланды.


















