Ұлыбритания Королі ІІІ Чарльз үкіметті құруды тапсырған Лейбористер партиясының жетекшісі Энди Бернем елдің жаңа премьер-министрі болды.
56 жастағы Бернем бұған дейін Манчестер қаласының әкімі қызметін атқарған еді.
Бұрынғы премьер-министр Кир Стармер 22 маусымда «қызметінен кететінін» жариялап, Лейбористер партиясы жаңа жетекшісін анықтау үшін жұма күні партияішілік дауыс беру шарасын өткізген болатын.
Энди Бернем бұл дауыс беруде депутаттардың 95 пайыз қолдауына ие болып, партия жетекшісі болып сайланды.
Ұлыбританиядағы парламенттік жүйенің ережелеріне сәйкес, жалпыхалықтық сайлау өткізілместен, парламенттегі көпшілік орынды иеленген партияның жетекшісі тікелей премьер-министрлік лауазымға тағайындалады.




















