ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия мен Палестина Испанияны құттықтады
Президент Режеп Тайып Ердоған мен Палестина 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында жеңіске жеткен Испания ұлттық құрамасын құттықтады.
Түркия мен Палестина Испанияны құттықтады
Түркия мен Палестина Испанияны құттықтады / AP

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Палестина мемлекеті 2026 жылғы FIFA әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Испания ұлттық футбол құрамасын құттықтады.

Ердоған «X» әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «2026 жылғы FIFA әлем чемпионатында топ жарған Испания ұлттық құрамасын шын жүректен құттықтаймын. Дос Испания халқына елім мен халқымның атынан сәлемім мен ізгі тілегімді жолдаймын», – деді.

Палестина мемлекетінің ресми парақшасында да Испания құрамасының әлем чемпионатындағы жеңісіне арналған сурет жарияланып, оған Палестина мен Испанияның тулары және жүрек белгісі қойылды. Осылайша Палестина Испанияны жеңісімен құттықтады.

Испания премьер-министрі Педро Санчес те «X» әлеуметтік желісінде жеңісті атап өтіп, ұлттық құрамаға алғыс айтты.

Испания жексенбі күні АҚШ-тағы Нью-Йорк/Нью-Джерси стадионында өткен финалда Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, 2026 жылғы FIFA әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Матч соңына қарай Ферран Торрес соққан гол Испанияға 16 жылдан кейінгі екінші әлем чемпиондығын сыйлады. Испания алғашқы жеңісін 2010 жылы Андрес Иньестаның голының арқасында жеңіп алған еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Әлем кубогы Испанияға бұйырды
Іздеу
Қаратеңіздегі халықаралық мұнай терминалына шабуыл жасалды
Сирия президенті ұлттық қауіпсіздік және барлау қызметтерінің жаңа басшыларын тағайындады
Түркия Грекияның түрік азшылығы мектептерін жабу туралы шешімін айыптады
Әлем кубогы Испанияға бұйырды
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
Иран күштері: «Бахрейндегі АҚШ базасына шабуылдадық»
АҚШ Грекияға әскери техника сатуды мақұлдады
Тоқаев: «Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналуы керек»
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді