ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мүдделерін қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді
Министрлік әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Кипрдегі Бейбітшілік операциясының 52 жылдығына арналған жазба жариялады.
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мүдделерін қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді
Түркия СКТР-ның мүдделерін қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді

Түркия Сыртқы істер министрлігі Кипрдегі Бейбітшілік операциясының 52 жылдығына орай жасаған мәлімдемесінде Түркияның алдағы уақытта да Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мүдделерін қорғауды, сондай-ақ кипрлік түріктердің халықаралық аренадағы тең мәртебесінің мойындалуы үшін барлық күш-жігерін жұмсауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Министрлік әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Кипрдегі Бейбітшілік операциясының 52 жылдығына арналған жазба жариялады.

Мәлімдемеде:

«Кипр түрік халқының азаттық жолындағы күресін жеңіспен аяқтаған Кипрдегі Бейбітшілік операциясының 52 жылдығын зор мақтанышпен атап өтеміз. Осыдан тура 52 жыл бұрын Түркия 1960 жылғы Кепілдік туралы шарттан туындайтын құқықтары мен міндеттемелері негізінде әрекет етіп, Кипр түріктерінің қауіпсіздігі мен аралдағы өмір сүруін қамтамасыз етті», – делінген.

Министрлік бүгінде Кипр түрік халқының Солтүстік Кипр Түрік Республикасының туы астында еркін, бейбіт әрі қауіпсіз өмір сүріп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ мәлімдемеде:

«Атамекен және кепілгер мемлекет Түркия кешегідей бүгін де, болашақта да Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мүдделерін қорғауды, сондай-ақ кипрлік түріктердің ажырамас құқығы саналатын егемен теңдігі мен халықаралық деңгейдегі тең мәртебесінің мойындалуы үшін бар күшін салуды жалғастыра береді. Кипрге бейбітшілік әкелген, ұлттық мұратымыз жолында жанын пида еткен түрік сарбаздарын  және кипрлік түрік күрескерлерін құрметпен еске алып, ардагерлерімізге алғысымызды білдіреміз», – делінді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Солтүстік Кипрде Бейбітшілік және бостандық күні атап өтілді
Іздеу
Қаратеңіздегі халықаралық мұнай терминалына шабуыл жасалды
Сирия президенті ұлттық қауіпсіздік және барлау қызметтерінің жаңа басшыларын тағайындады
Түркия Грекияның түрік азшылығы мектептерін жабу туралы шешімін айыптады
Әлем кубогы Испанияға бұйырды
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
АҚШ Грекияға әскери техника сатуды мақұлдады
Тоқаев: «Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналуы керек»
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады