ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі федералдық үкіметтің көші-қон саясатын қатаңдату шаралары аясында Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғалы 300 мыңнан астам визаның күшін жойғанын хабарлады.
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
АҚШ Мемлекеттік департаменті виза иелеріне заң талаптарын сақтау қажеттігін еске салды. / AP Archive

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі федералдық үкіметтің көші-қон саясатын қатаңдату шаралары аясында Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғалы 300 мыңнан астам визаның күшін жойғанын хабарлады.

Бұл көрсеткіш соңғы апталарда визалардың күшін жою қарқыны артқанын көрсетеді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті 10 тамызда жариялаған мәліметке сәйкес, Трамптың 2025 жылғы қаңтарда басталған екінші президенттік мерзімінен бері 175 мыңнан астам визаның күші жойылған болатын.

Трамп әкімшілігі көші-қонға бақылауды күшейту мен елден депортациялау шаралары ішкі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталғанын алға тартады.

Ал құқық қорғаушылар бұл шаралар заңда белгіленген құқықтық рәсімдер мен сөз бостандығы құқығын бұзып, әсіресе этникалық азшылықтар үшін қауіпті орта қалыптастыратынын мәлімдеді. Азшылық топтарының өкілдері мұндай саясат адамдарды нәсілдік белгісіне қарай негізсіз бақылауға және тіркеуге алуға әкелуі мүмкін деп алаңдайды.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Томми Пиготт “X” әлеуметтік желісіндегі парақшасында Трамп әкімшілігі «АҚШ тарихындағы кез келген басқа әкімшілікке қарағанда әлдеқайда көп визаның күшін әлдеқайда қысқа мерзімде жойғанын» мәлімдеді.

Пиготт Трамп әкімшілігінің АҚШ-та визамен жүрген, заң бұзған, алаяқтық жасаған немесе ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірген шетелдіктерге қатысты қатаң саясат ұстанатынын атап өтті.

Трамп 2024 жылғы сайлау науқаны кезінде заңсыз көші-қонды тоқтатуға уәде берген еді. Алайда АҚШ үкіметі заңды көші-қон рәсімдерін де қиындатты. Атап айтқанда, жұмыс визаларының кейбір санаттары үшін төленетін алым мөлшері едәуір артты.

“Associated Press” агенттігі танысқан АҚШ Мемлекеттік департаментінің құжаттарына сәйкес, департамент 2016–2026 жылдары берілген B1 және B2 санатындағы визалардың күшін бұрын баспана сұраған немесе қазір баспана алуға өтініш беріп жүрген адамдар үшін жоюды жоспарлап отыр.

Мемлекеттік департамент бұл шараны АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігімен бірлесіп жүзеге асырады.

Іздеу
Парсы шығанағы елдері хоуситтерді террористік ұйым деп тануға шақырды
Ресей Киевтегі метро станциясына шабуыл жасады
Нигерияда мина жарылысынан 8 сарбаз қаза тапты
Индонезиядағы ұлттық саябақта өрт шықты
Ресей: «Украинаның логистикалық орталығы мен құрғақ жүк кемесіне соққы бердік»
АҚШ-та бастауыш мектепке жасалған қарулы шабуылда 3 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты
Израиль сарбаздары Сирияның Дера қаласы маңындағы үйлерде тінту жүргізіп, егістіктерге оқ жаудырды
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді
Сирияның Хама қаласында болған қарулы шабуылдан қауіпсіздік күштерінің 4 қызметкері қаза тапты
130-дан астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты