ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресейдің Украинаға шабуылынан 3 адам қаза тауып, 11 адам жараланды
Құтқарушылар үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Ресейдің Украинаға шабуылынан 3 адам қаза тауып, 11 адам жараланды
[МҰРАҒАТ] 2026 ж 19 қазанда Украинаның Киев қаласында Ресейдің зымыран шабуылы кезінде зақымдалған теміржол. / Reuters

Украинаның Киев және Харьков облыстарына Ресей жасаған шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алды. Бұл туралы сейсенбі күні Украинаның Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Киев облысының Обухов ауданында Ресей күштері өндірістік және қойма ғимаратына соққы жасаған. Салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам жараланған.

Шабуылдан кейін ғимаратта өрт шықты. Құтқарушылар үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Ал Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков облысының Изюм қаласына жасалған дрон шабуылынан бес адам жарақат алды.

Ресей Украинаның логистикалық инфрақұрылымына соққы бергенін мәлімдеді

Сонымен қатар Ресей Қорғаныс министрлігі Украинадағы логистикалық және порт инфрақұрылымына, сондай-ақ украин әскеріне әскери және қосарлы мақсатта пайдаланылатын жүктерді тасымалдағаны хабарланған жүк кемелеріне соққы бергенін хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, соққы жасалған нысандардың қатарында Хмельницкий қаласындағы логистикалық орталық, Волынь облысының Ковель қаласындағы көлік-логистикалық орталық және Одесса облысындағы Рени портында жүк түсіріп жатқан үш жүк кемесі бар.

Сондай-ақ Ресей тарапы Одесса портына бет алған, Украинаға әскери жүк тасымалдап бара жатқан тағы бір кемеге соққы берілгенін білдірді.

Сонымен қатар Ресей Қорғаныс министрлігі түнде елдің 15 өңірінде әуе қорғанысы күштері Украинаның 136 дронын жойғанын хабарлады.

Іздеу
Парсы шығанағы елдері хоуситтерді террористік ұйым деп тануға шақырды
Нигерияда мина жарылысынан 8 сарбаз қаза тапты
Түркия Канадаға көңіл айтты
Түркияның коммерциялық көлік экспорты 5 миллиард доллардан асты
Президент: «Өткен жылы 10 миллиард долларлық қорғаныс және авиация өнімдерін экспорттадық»
«Түркия мен Армения арасындағы қатынастардың қалыпқа келуі байланыстарды нығайтуға жол ашады»
Ираннан Трампқа: «АҚШ-тың аймақта болмысына алаңдаушылық білдіреміз»
Израиль шабуылдарынан бір палестиналық қаза тапты
ДДСҰ: «2024 жылы Африкада 350 мың әйел қатерлі ісіктен көз жұмды»
Индонезиядағы ұлттық саябақта өрт шықты
Хорватия: «Сербия әскери әлеуетін арттырып жатыр»
Ресей: «Украинаның логистикалық орталығы мен құрғақ жүк кемесіне соққы бердік»
19 ел Колумбияның Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшіруін айыптады
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»