Еуропалық Одақ пен Бахрейн стратегиялық серіктестік туралы келісім бойынша ресми келіссөздерді бастады.
Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
«ЕО мен Бахрейн жаңа стратегиялық серіктестік туралы келісім бойынша келіссөздерді ресми түрде бастады», – деген Каллас Парсы шығанағы аймағының бұрынғыдан да маңызды геосаяси орталыққа айналғанын атап өтті.
Оның айтуынша, ЕО мен Бахрейн екі өңір арасындағы қауіпсіздік, тұрақтылық және сауда салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетпек.

















