Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған жазбасында АҚШ-тың Иранға қарсы жасаған шабуылдарына тиесілі екені көрсетілген суретті жариялады.
Президент Трамп: «Бұл — Иранның кеше кемелерді бомбалауына қайтарылған қарымта соққы. Егер бұл тағы қайталанса, бұдан да ауыр болады», — деген сөздерді қолданды.
АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) кеше «коммерциялық кемелерді нысанаға алды» деген уәжбен Иранға қарсы қосымша шабуылдар бастағандарын жариялаған болатын.
Басқа бір мәлімдемеде шабуылдар барысында Иранға тиесілі шамамен 90 әскери нысанның соққыға жығылғаны атап өтілді.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казым Гарибабади болса АҚШ-тың шабуылдары жауапсыз қалмайтынын мәлімдеген еді.


















