Түркия Статистика Басқармасының «Дүниежүзілік халық күні 2026» бюллетеніне сәйкес, Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамдары әлем халқының 2025 жылдың ортасында 8,23 миллиардқа жеткенін көрсетті. Халқы ең көп елдер Үндістан, Қытай және АҚШ болды, бұл үш ел әлем халқының 39,2 пайызын құрады.
Ал Түркия 86,1 миллиондық халқымен 194 елдің ішінде 18-ші орынды иеленіп, әлем халқының шамамен 1 пайызын құрады.
2025 жылғы дерек бойынша әлемде балалар санының үлесі 29,3 пайыз болса, Түркияда бұл көрсеткіш 24,8 пайыз деп есептелді. Түркияның бала саны үлесі әлемдік орташа көрсеткіштен төмен, бірақ Еуропалық Одақ елдерінің барлығынан жоғары болды.
Жастардың (15-24 жас) үлесі әлемде 15,6 пайыз, ал Түркияда 14,8 пайыз болып белгіленді. Түркия бұл салада әлемдік орташа деңгейден төмен қалғанымен, ЕО елдерінің барлығына қарағанда жоғары көрсеткішке ие.
Қарттардың (65 жас және одан жоғары) әлемдік орташа үлесі 10,4 пайыз болса, Түркияда бұл көрсеткіш 11,1 пайызға дейін өсті. Осылайша Түркия әлемдік орташа көрсеткіштен көп қарттар үлесіне ие болғанымен, ЕО елдерінің барлығынан төмен деңгейде қалды.


















