АҚШ президенті Трамп пен Украина президенті Зеленский Анкарада өткен НАТО-ның Мемлекет және үкімет басшыларының 36-шы саммитінен кейін баспасөзге мәлімдеме жасады.
Анкара саммитін жоғары бағалаған Трамп әуежайдан бастап жиын өтетін орынға дейін бәрінің мінсіз болғанын айтты.
Трамп: «(Президент Режеп Тайып Ердоған) Күшті және жақсы адам. Тамаша жұмыс атқарды. Бәрі керемет өтті. Шнымен де өте нәтижелі кездесу өткіздік», — деді.
Иран Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерді нысанаға алғаннан кейін АҚШ-тың Ирандағы нысандарға шабуыл жасағанын еске салған Трамп: «Кеше түнде оларға өте қатты соққы бердік. Бүгін кешке де Иранға өте қатты соққы беруіміз мүмкін», — деген сөздерді қолданды.
Иранның ядролық қаруға ие болуына рұқсат бермейтіндерін тағы бір мәрте баса айтқан Трамп Тегеранмен жүргізіліп жатқан келіссөздердегі негізгі күн тәртібі бұл елдің ядролық бағдарламасы екенін білдірді. Трамп: «Бұл өте қарапайым, біз Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бере алмаймыз», — деді.


















