Мицотакис НАТО Мемлекет және үкімет басшыларының 36-шы саммиті қарсаңында баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады.
Өз елінің НАТО-ға деген қолдауының мызғымас екенін білдірген Мицотакис: «Қазіргі уақытта біз қарулы күштеріміз үшін 25 миллиард еуроны құрайтын заманауи жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз», — деді.
Мицотакис Грекияның НАТО алдындағы міндеттемелерін әрдайым толық орындап келе жатқанын баса айтты.
АҚШ пен Иран арасында қол қойылған келісім шарттарының сақталуы маңызды екеніне тоқталған Мицотакис: «Өмір сүру құны бүкіл Еуропа үкіметтері үшін ең басты басымдық болып отырған кезеңде бұл күрделі мәселені шешу үшін демократия мен дипломатияға уақыт беру өте маңызды. Әрине шиеленістің одан әрі ушығуы жанармай бағасының өсуіне әкелетінін түсінемін және бұлай болмайды деп үміттенемін», — деген пікір білдірді.
Сондай-ақ Мицотакис саммиттің Түркияда өтуіне қатысты «Анкараға сапармен келу - мен үшін әрқашан үлкен мәртебе. Мен екі ел арасындағы байланыстарды дамытудың әрдайым басты жақтаушысы болып келдім», — деп атап өтті.




















