ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
TİKA Венесуэлаға көмек материалдарын жолдады
Tүрік Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігі (TİKA) Венесуэлада жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен Ла Гуайра қаласына 2 жүк көлігімен баспана және басты қажеттілік материалдарын жеткізді.
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
TİKA Венесуэлаға көмек материалдарын жолдады

Ұйқы қаптары, шатырлар, ас үй жжабдықтары мен тасымалданатын плиталар секілді көптеген көмек материалы Ла Гуайрадағы гуманитарлық көмек жиналатын Хосе Мария Варгас стадионында Ла Гуайра губернаторлығының өкілдеріне табыс етілді.

Көмекті тапсыру рәсіміне Түркияның Венесуэладағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Наджи Айдан Караманоғлу, Ла Гуайра губернаторы Хосе Алехандро Теран және TİKA-ның Богота бағдарламасының үйлестірушісі Ахмед Фарук Муштакоғлумен қатар Түрік Қарулы Күштері Гуманитарлық көмек бригадасының қолбасшысы, бригада генералы Мехмет Бахтияр, AFAD өкілдері және Ұлттық медициналық құтқару тобы қатысты.

Елші Караманоғлу өз сөзінде: «Біз гуманитарлық көмекті тапсыру үшін тағы бір мәрте Ла Гуайрада тұрмыз. Бүгін TİKA мұнда 100 шатыр, 200 ұйықтау қабы, 200 төсек және басқа де ас үй бұйымдарын әкелді. Бұл — TİKA-ның жасаған 3-ші көмегі», — деді.

Караманоғлу «Жер сілкінісінен кейінгі жараларды емдеу — бізге өте жақсы таныс процесс, өкінішке орай. Біз мұнда бауырлас Венесуэла халқына жалғыз еместігін, бұл көмектің тек бір реттік емес, алдағы уақытта да жалғасатынын көрсету үшін келдік», — деп атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595 адамға жетті

Гуманитарлық көмектің жалғасатынын білдірген Караманоғлу Түркиядан гуманитарлық көмек тиелген 2 ұшақтың 12 шілдеде Венесуэлаға жететінін айтты.

Караманоғлу «Бұдан кейін де дос Венесуэла халқының қасынан табылатынымызды көрсетеміз», — деген мәлімдеме жасады.

TİKA жақын арада Ла Гуайрадағы мұқтаж жандар үшін іздестіру-құтқару жабдықтарын, шұғыл қажеттілік материалдарын, азық-түлік және гигиеналық жиынтықтарды да жеткізген болатын.

Іздеу
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды
"Еуропа ұжымдық қорғаныс мәселесіндегі шынайылығын НАТО-да Трампқа көрсетеді"