Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркия-Мысыр-Пәкістан-Сауд Арабиясы сыртқы істер министрлерінің алтыншы отырысына қатысты.
Түркия Сыртқы істер министрлігі отырысқа қатысты “X” әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде министрдің Нью-Йоркте өткен Түркия-Мысыр-Пәкістан-Сауд Арабиясы сыртқы істер министрлерінің алтыншы отырысына қатысқаны хабарланды.
Сондай-ақ министр Фиданның БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Біріккен Араб Әмірліктері, Индонезия, Катар, Мысыр, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Иордания сыртқы істер министрлерінің қатысуымен өткен үйлестіру отырысына қатысқан.




















