АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранның келісімге келу мақсатында АҚШ-пен тікелей байланыс орнатқанын айтып, «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін», – деді.
Дональд Трамп Солтүстік Каролина штатында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Трамп Иран билігінің АҚШ-пен тікелей байланысқа шыққанын айтып, Тегеранның келісім жасағысы келетінін мәлімдеді.
ҰСЫНЫЛҒАН
Соғыстың соңғы ахуалы туралы сұраққа Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін», – деп жауап берді.
«Иран келісімге келуді қатты қалайды. Бұл үдерістің немен аяқталатынын көрейік», – деді Трамп.






















