САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін: «Егер Армения бұл инфрақұрылымның қажеті жоқ деп шешсе, ертең-ақ кетеміз», – деген еді.
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Армения премьер-министрі Никол Пашинян

Армения премьер-министрі Никол Пашинян ел аумағында орналасқан Ресей әскери базасының ел қауіпсіздігі үшін маңызды емес екенін және оған мұқтаж емес екенін мәлімдеді.

Никол Пашинян баспасөз мәслихатында Арменияның Гюмри қаласында орналасқан Ресейдің 102-әскери базасына қатысты пікір білдірді.

Пашинян әскери база мәселесін алғаш болып Ресей тарапы көтергенін айтып, «Әскери база Арменияның қауіпсіздігі үшін аса маңызды емес», – деді.

Ол Ресей әскери базасының Армения қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қоспайтынын атап өтіп, «Ресей –дос мемлекет. Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес. Егер оны алып кеткісі келсе, ертең-ақ алып кетсін. Ал қалдырғысы келсе, Армения үшін қажеті жоқ бұл базаның қандай шарттармен қалатынын талқылауға дайынбыз», – деді.

Арменияның Гюмри қаласында орналасқан Ресейдің 102-әскери базасы Ресейдің Оңтүстік Кавказдағы негізгі әскери нысандарының бірі саналады.

База 1995 жылы жасалған келісім негізінде жұмыс істейді. Онда құрлық әскерлерімен қатар әуе қорғанысы жүйелері мен әскери ұшақтар да орналасқан.

Ресей президенті Владимир Путин бірнеше апта бұрын базаға қатысты: «Егер Армения бұл инфрақұрылымның қажеті жоқ деп шешсе, ертең-ақ кетеміз», – деген болатын.

Іздеу
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті
Ахмед Шара санкциялар алынғаннан кейін Сирияның қайта жанданғанын мәлімдеді
Сомалиде Түркияның қолдауына алғыс білдіру шерулері өтті
Әзербайжан президенті Әлиев Сыртқы істер министрі Фиданмен кездесті
Кавказ Ислам армиясының Бакуді азат етуінің 108 жылдығы
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
Дания Сыртқы істер министрі Расмуссен Ресейдің Даниядағы елшісі Барбинді министрлікке шақырды
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан үш адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды