АҚШ келесі аптада Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясында сөз сөйлеуі күтілген Палестина Мемлекет басшысы Махмуд Аббастың виза сұранысын кері қайтарды.
“The Times of Israel” басылымының АҚШ және Палестина шенеуніктеріне сілтеме жасап берген хабарына сәйкес, Аббас қатарынан екінші жыл БҰҰ Бас Ассамблеясына бейнеконференция әдісімен үндеу тастауға мәжбүр болады.
Аббастан бөлек БҰҰ Бас Ассамблеясы үшін АҚШ-қа барады деп күтілген палестиналық шенеуніктердің де виза өтінімдері қабылданбады.
Палестиналық шенеуніктердің бірі өзіне виза берілмеуіне себеп ретінде «Кез келген уақытта террористік әрекеттермен айналысқан немесе террористік ұйыммен байланысы бар тұлғаларға виза берілуіне тыйым салатын 212(a)(3)(B) бабының» көрсетілгенін атап өтті.
Аббастың виза өтінімінің бас тартылу себебінің де осы баппен байланыстыболып болмағаны белгісіз.
Екінші жағынан, АҚШ Мемлекеттік департаменті жасаған мәлімдемеде «Реформа жасамағандары, АҚШ-қа берген міндеттемелеріне қайшы әрекет еткендері және бейбітшілік үміттеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерін жалғастырғандары» негізге алынып, АҚШ-тың Палестина әкімшілігі өкілдеріне виза берілмеуін көздейтін санкцияларды ұзартатыны хабарланды.























