СПОРТ
1 ... минут оқылды
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
«Бешикташ» УЕФА Еуропа лигасының алғашқы турында Францияның «Марсель» командасын 4:1 есебімен жеңді.
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
"Бешикташ" — "Олимпик Марсель" / aa

«Бешикташ» УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында өз алаңында Францияның «Олимпик Марсель» клубын қабылдап, қарсыласынан басым түсіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

«Түпраш» стадионында өткен кездесудің бірінші таймы 1:1 есебімен тең аяқталды.

Екінші таймда жанкүйерлерінің қолдауымен қарқын қосқан «Бешикташ» ойын тізгінін өз қолына алып, матчты 4:1 есебімен аяқтады. Осылайша «Бешикташ» УЕФА Еуропа лигасын 3 ұпаймен бастады.

«Бешикташ» сапынан Илхан Факылы, Вацлав Черны, Амир Мурильо және Эрнест Поку гол соқты. «Марсельдің» жалғыз добын Кейлиан Абдалла енгізді.

Матчтан кейін пікір білдірген «Бешикташтың» бас бапкері Винченцо Итальяно командасының екінші таймда жақсы ойын көрсетіп, үш ұпайға қол жеткізгенін айтты.

«Барлығы өте жоғары деңгейде ойнады. Әр ойыншы тамаша өнер көрсетті. Үш ұпай алдық, бірақ бұл жеткіліксіз. Бізге әлі де көбірек ұпай жинау қажет. Егер топтан шығып, турнирде әрі қарай ілгерілегіміз келсе, ұпай қорын молайтуымыз керек. Бүгін жанкүйерлеріміз керемет қолдау көрсетті. Бұл жеңісті жанкүйерлерімізге арнаймыз», — деді Итальяно.

«Бешикташ» УЕФА Еуропа лигасының екінші турында 15 қазанда Германияда «Хоффенхайммен» кездеседі.

Ал «Хоффенхайм» Еуропа лигасындағы алғашқы матчында сырт алаңда Грекияның «ОФИ» клубынан 0:2 есебімен жеңілді.

 

Іздеу
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»
«Украинамен 1,6 миллиард долларлық келісімге қол жеткізу бағытында ілгерілеушілік бар»
БҰҰ: «Сирияны қайта қалпына келтіруге 216 миллиард доллар қажет»
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”