Ливан президенті Жозеф Аун Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Израильдің Ливан аумағынан толық шығуы елде ұзақ мерзімді тұрақтылық орнатудың негізгі шарты екенін айтты.
Ливан президентінің әкімшілігі Аун мен Трамптың Ақ Үйдегі кездесуіне қатысты жазбаша мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеге сәйкес, кездесуде екі ел арасындағы тарихи серіктестікке назар аударылып, Ливандағы тұрақтылық пен әл-ауқатты арттыру мәселелері талқыланған.
Сондай-ақ АҚШ-тың Ливан армиясына қолдауын күшейту, барлық салада екіжақты ынтымақтастықты дамыту, экономиканы қалпына келтіру мен елді қайта құру үдерісіне көмектесу және америкалық инвесторларды Ливанға тарту мәселелері сөз болды.
Аун Израильдің Ливаннан шұғыл шығуы қажет екенін атап өтіп, «Израильдің Ливан аумағынан толық шығуы— тұрақтылыққа қол жеткізудегі басты қадам»,— деді.
Сонымен қатар президент Аун Израиль шабуылдары салдарынан Ливанда қаза тапқандар, экономикаға келген шығын және елдің инфрақұрылымына келтірілген ауқымды залал туралы Трампқа мәлімет берді.























