Президент Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасында «өте қадірлі досым» деп атаған Катар мемлекетінің бұрынғы Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Танидің қайтыс болғанын зор күйзеліспен қабылдағанын мәлімдеді.
Ердоған өзінің премьер-министр қызметін атқарған кезеңде марқұм шейх Хамад бен Халифа Әл Танимен халықаралық деңгейде тығыз ынтымақтастықта жұмыс істегенін еске алып, былай деді:
«Түркия мен Катар мемлекеті арасындағы саяси, сауда-экономикалық, әскери, гуманитарлық және мәдени байланыстардың бүгінгі деңгейге жетуіне зор үлес қосқан, ислам әлемінің тыныштығы, өңіріміздің тұрақтылығы және Катар халқының әл-ауқаты жолындағы шынайы еңбегіне куә болған шейх Хамад бен Халифа Әл Таниге Алла Тағаладан рақым тілеймін.»
Президент Ердоған сондай-ақ ең алдымен Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Таниге, марқұмның отбасына, бауырлас әрі дос Катар халқына және күллі ислам әлеміне өзінің, отбасының және түрік халқының атынан көңіл айтты.



















