Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған «Apple» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Тим Кукты қабылдады.
Президенттік сарайда өткен кездесу жабық есік жағдайында өтті.
Президент Ердоған өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұл кездесу туралы «Бүгін «Apple» Директорлар кеңесінің төрағасы Тим Кукпен өткізген кездесуде жаһандық деңгейдегі цифрлық технологиялардың болашағын және «Apple» компаниясының Түркиядағы цифрлық қосымшалар экономикасына көрсететін қолдауын талқыладық. Кездесуіміз Түркия мен «Apple» компаниясы үшін қайырлы болсын деп тілеймін», – деп жазды.
Өз кезегінде америкалық технология гиганты «Apple» жаңа буын контент өндірушілерін, инновациялық кәсіпкерлерді және өндірушілерді қолдау, сондай-ақ Түркияның халықаралық қосымшалар әзірлеу саласындағы жетекші орталықтардың біріне айналуына көмектесу мақсатында елге ұзақ мерзімді инвестиция құятынын мәлімдеді.




















