Әзербайжан халқы үш түсті ұлттық ту қабылданған күнге орай Мемлекеттік ту күнін атап өтуде.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялаған жазбасында халықты Мемлекеттік ту күнімен құттықтады.
Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланған хабарламада: «Көк, қызыл және жасыл түстерімен ұлттық болмысымызды, тарихи жадымызды және рухани құндылықтарымызды сақтап келе жатқан қасиетті туымыз азат әрі тәуелсіз Әзербайжанның көгінде әрдайым мақтанышпен желбірей береді», – делінген.
Мемлекеттік ту күніне орай ел астанасы Бакуде әскери қызметкерлердің қатысуымен шеру ұйымдастырылды.
Әзербайжан туы 1918 жылы 9 қарашада Әзербайжан Республикасы үкіметінің отырысында қабылданған еді.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған Әзербайжан 1991 жылы 1918 жылы қабылданған туды қайтадан ұлттық ту ретінде бекітті.




















