Түркия Республикасының негізін қалаушы, ұлы көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүріктің дүние салғанына 88 жыл толуына орай Аныткабірде мемлекеттік рәсім ұйымдастырылды.
Аныткабірдегі рәсім сағат 08:45-те мемлекет басшылығының Арыстан жолымен жүріп өтуімен басталды.
Президент Ердоған қызыл және ақ қалампырлардан жасалған, жарты ай мен жұлдыз бейнеленген гүл шоғын Ататүріктің кесенесіне қойды.
Ататүріктің 88 жыл бұрын дүние салған уақыты – сағат 09:05-те бір минут үнсіздік жарияланып, одан кейін Түркияның мемлекеттік әнұраны орындалды.
Бір минут үнсіздік кезінде тұғырдағы Түркия туы төмен түсірілді.
Президент Ердоған Аныткабірдің арнайы естелік кітабына мынадай жазба қалдырды:
«Қадірлі Ататүрік! Дүниеден өткеніңізге 88 жыл толған күні сізді, қарулас серіктеріңізді, Тәуелсіздік соғысына басшылық еткен ардагер парламентіміздің құрметті мүшелерін, Отанымыздың мәңгілік тірегі болған шейіттерімізді және халқымыз үшін ауыр құрбандықтарға барған ардагерлерімізді құрметпен еске аламыз.
Аймағымыз бен бүкіл әлем дағдарыстармен күресіп жатқан осынау күрделі кезеңде Түркия Республикасын 86 миллион азаматын әлдеқайда жарқын болашаққа жетелеу мақсатында барлық мүмкіндігімізді жұмылдырып отырмыз. Халқымызбен мақсат-мұратымыз бір болып, шейіттеріміз бен ардагерлеріміздің қасиетті аманаты саналатын осы жұмақтай Отанымызды өркендету жолындағы жұмысымызды табандылықпен жалғастырамыз. Рухыңыз шат болсын!».



























