Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжанның Жеңіс күніне орай жазба жариялады. Ердоған өз мәлімдемесінде:
«Қарабахтың 30 жылдық оккупациядан азат етілуінің 6 жылдығымен, дос әрі бауырлас Әзербайжанның Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Осы ұлы жеңісті қанымен және жанымен алып келген, Отан жолында құрбан болған барша шейітті ерекше құрметпен еске аламын» деді.






















