Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына (ТМД) мүше елдердің Қауіпсіздік кеңес хатшылары Ресейдің астанасы Мәскеуде бас қосты.
Жиында сөз сөйлеген Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Батыстың әлемдегі шиеленісті арттырып отырғанын, бұл жаһандық қақтығыс әлеуетінің біртіндеп өсуіне әкеп соқтыратынын атап өтті.
Украина дағдарысына тоқталған Шойгу АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның командасының дағдарысты шешуге бағытталған бастамаларын жоғары бағалайтындарын жеткізді.
Еуропа елдерінің Киевке әскери және қаржылай қолдау көрсетуді жалғастырып жатқанына назар аударған Шойгу: «Украина мен оның еуропалық жақтастары бейбітшілікке емес, соғысты жалғастыруға дайындалып жатыр. Әлеуметтік және экономикалық проблемалар артқанына қарамастан, Киев тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді шешімдерді талқылауға дайын емес», – деді.
Еуропаны әскерилендіру процесінің жалғасып жатқанын айтқан Шойгу НАТО-ның Польша мен Балтық жағалауы елдеріндегі әскери инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған қадамдар жасап жатқанын мәлімдеді.

























