Түркия Республикасы Президенті аппаратының Коммуникация басқармасы «Түркия-Ирак ортақ баспасөз мәлімдемесін» жариялады.
Мәлімдемеге сәйкес, Түркия мен Ирак билігі екі ел көшбасшыларының 23 қыркүйекте қол жеткізген уағдаластығына сәйкес, Ирак тарапының Синжарда мемлекеттік билікті толық орнату және PKK террорлық ұйымы өкілдерін жою бағытында осы уақытқа дейін жасаған құптарлық қадамдарын одан әрі жалғастыру жөніндегі ортақ ерік-жігерін растады.
Түрік тарапы көшбасшылар деңгейінде қол жеткізілген келісімге сәйкес, Башика-Зиликан базасын Ирак Федералды үкіметіне кезең-кезеңімен тапсыруға бағытталған өз міндеттемелерін орындауға кірісетінін мәлімдеді.
Тараптар PKK террорлық ұйымын толығымен жоюға бағытталған Синжарда басталған процестің барысын бірлесіп растау және бақылау мақсатында бұған дейін келісілген Ортақ қауіпсіздік координациялық комитетін іске қосу туралы шешім қабылдады.






















