САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Сирия АЭХА шешімін құптады
Дамаск бұл қадам бейбіт мақсаттағы ядролық технология саласындағы ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашатынын мәлімдеді.
Сирия АЭХА шешімін құптады
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік / Reuters

Сирия Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Басқарушылар кеңесінің елдің ядролық бағдарламасына қатысты шешілмей келген мәселелерді жабу және бұл тақырыпты кеңестің күн тәртібінен алып тастау жөніндегі шешімді бірауыздан қабылдауын құптады.

Сирия Сыртқы істер министрлігі сәрсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде бұл шешімнің көп жылдан бері жалғасып келген кезеңге нүкте қойғанын және Сирияға ядролық энергия мен технологияны бейбіт мақсатта пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашқанын атап өтті.

Министрлік бұл шешімді Сирия үшін маңызды дипломатиялық әрі құқықтық жетістік деп бағалап, оның елдің АЭХА Басқарушылар кеңесінде ортақ келісімге қол жеткізе алғанын көрсететінін мәлімдеді.

Мәлімдемеде Дамасктің Башар Асад режимінен қалған мәселелерді реттеу талпыныстары аясында ел азат етілгеннен бері ашықтықты, ынтымақтастықты және халықаралық міндеттемелерді құрметтеуді тұрақты ұстаным ретінде басшылыққа алып келе жатқаны атап көрсетілді.

Сирияның мемлекеттік «Alikhbariah» телеарнасының хабарлауынша, АЭХА Басқарушылар кеңесі сәрсенбі күні техникалық және құқықтық талаптар толық орындалғаннан кейін Сирияның ядролық міндеттемелерді орындамауына қатысты бұрынғы қорытындыны тоқтату туралы шешім қабылдады.

18 тамызда Дамаскіде мәлімдеме жасаған АЭХА бас директоры Рафаэль Гросси Дейр-эз-Зор уәлаятында Асад кезеңінен қалған бірнеше тонна ядролық материал табылғанын мәлімдеп, инспекторларға аталған аумаққа кіруге рұқсат берілгенін айтқан еді.

АЭХА-ның мүше елдерге таратылған және кейін БАҚ-қа жарияланған есебінде агенттік инспекторларының тамыз айында Сириядағы бірқатар нысанда тексеру жұмыстарын жүргізгені көрсетілген.

Есепте нысандарға жасалған тексерулер биліктен кеткен Асад режимінің Ядролық қаруды таратпау туралы шарт аясындағы кепілдіктер туралы келісімге сәйкес мәлімделуге тиіс ядролық материалдарды, нысандарды және қызмет түрлерін жария етпегенін анықтағаны айтылды.

Іздеу
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”
Түркия хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді