ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Филиппин жағалау күзеті Палаванның Корон аймағы маңында “MV June Aster” кемесінде өрт шыққаннан кейін 43 адамның құтқарылғанын мәлімдеді.
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
«MV June Aster» кемесі өртке оранды. / Reuters

Филиппин жағалау күзетінің хабарлауынша, сәрсенбіге қараған түні елдің батысындағы Палаван аралының маңында паром өртеніп, 5 адам қаза тапты, 80-нен астам адам із-түзсіз жоғалды.

Филиппин жағалау күзеті (PCG) Палаванның Корон аймағы маңында MV June Aster” кемесінде өрт шыққаннан кейін 43 адамның құтқарылғанын мәлімдеді.

Жағалау күзеті жариялаған бейнежазбалардан жалынның кеменің кейбір бөліктерін шарпығанын және құтқарушылардың қаза тапқандардың мәйіттерін арнайы қаптарға салып жатқанын көруге болады.

Жағалау күзетінің өкілі, коммодор Ноэми Каябьяб DZXL” радиосына берген сұқбатында кеме тізімінде 117 жолаушы мен 17 экипаж мүшесі болғанын айтты.

Каябьябтың сөзінше, 80-нен астам адамнан әлі хабар жоқ. Ол іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, бұл көрсеткіштердің өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

Ресми өкіл паромның Маниладағы Басекодан жолға шығып, Коронға бағыт алғанын айтты.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Іздеу
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді