Түркия кемінде 51 адамның өмірін қиған жер сілкіністеріне байланысты Индонезияға көңіл айтты.
Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Суматра мен Флоресте болған жер сілкіністерінен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Индонезия халқымен ынтымақтастықта екенін атап өтті және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Министрлік мәлімдемесінде: «Қаза тапқандардың отбасылары мен Индонезия халқына көңіл айтамыз, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», – делінген.
Архипелагтың түрлі аймақтарында болған жер сілкіністері үлкен шығын келтірді. Апат болған өңірлерде шұғыл көмек көрсету жұмыстары басталды. Құтқару топтары шығын ауқымын анықтауда. Жексенбі күні де іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Флорес аралында жанармай мен сұйытылған газ жеткізу қайта қалпына келтірілді.
Сикка, Манггарай, Нагекео, Бима және Селаяр аудандарында шамамен 6 мың адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Жер сілкінісінен 914 үй, 93 білім беру мекемесі, 36 денсаулық сақтау нысаны және 38 мемлекеттік ғимарат зардап шекті.



















