ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Бейрут пен Тель-Авив өкілдері Римде АҚШ-тың араағайындығымен атысты тоқтату жөнінде келіссөз жүргізіп жатқан кезде Мәждал-Зунда жарылыс болды.
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты / Anadolu Agency

Израиль ақпарат құралдары мен армиясының мәліметінше, Ливанның оңтүстігінде жарылғыш құрылғының іске қосылуы салдарынан екі израильдік сарбаз қаза тауып, төрт сарбаз жараланды.

Израильдің «Channel 12» телеарнасы жарылыстың сәрсенбі күні Ливанның Сур ауданындағы Мәждал-Зун елді мекенінде болғанын хабарлады.

Кейін Израиль армиясы мәлімдеме жасап, оқиғада екі сарбаздың қаза тапқанын растады.

Жарылыс Ливан мен Израиль өкілдері Римде АҚШ-тың араағайындығымен өтіп жатқан келіссөздердің жетінші кезеңіне қатысқан кезде болды. Кездесуде атысты тоқтату келісімі, Израиль әскерінің Ливанның оңтүстігінен шығарылуы және шешімін таппаған өзге де мәселелер талқылануда. Үш күнге жоспарланған келіссөздер бейсенбі күні аяқталмақ.

Бұл оқиға атысты тоқтату келісіміне қарамастан, Израильдің Ливандағы шабуылдары жалғасып жатқанын тағы бір мәрте көрсетті.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 наурыздан бері Израиль шабуылдарынан кемінде 4 мың 333 адам қаза тауып, 12 мың 250 адам жараланған.

Іздеу
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Сыртқы істер министрі Фидан Иерусалим мәселесіне арналған министрлер кездесуіне қатысады
Иран президенті: «Территория тұтастығымызды қорғаймыз, бірақ соғысты кеңейтуге ниетті емеспіз»
Жоғары әскери кеңес жиналады
Президент Ердоған Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік барлау қызметінің басшысы  ХАМАС көшбасшысымен кездесті
Түркия, Мысыр және Катар Израильдің Газадағы әрекеттерін қатаң айыптады
Украина дрондары түні бойы Ресейге шабуылдады
Нетаньяху атысты тоқтатудан бас тартты
Министр Фидан шетелдік әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік әуе жолдары рекорд жаңартты
Түркияда қорғаныс және авиация саласының экспорты 1,12 млрд долларға жетті