Пәкістан мен Иран терроризмге, есірткі және адам саудасына қарсы күрестегі ынтымақтастықты күшейтуге келісті.
«Dawn» газетінің хабарлауынша, Пәкістанның Ішкі істер министрлігі елдің Ішкі істер министрі Мохсин Накви мен Иранның Ішкі істер министрі Ескендір Муминидің Исламабадта өткен кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде Накви мен Муминидің екіжақты қарым-қатынастар, сауда, өңірлік жағдай және ынтымақтастық бағыттарын талқылағаны айтылды. Тараптар терроризмге, есірткі және адам саудасына қарсы күресті күшейтуге уағдаласты.
Накви: «Пәкістан Иранмен барлық саладағы ынтымақтастықты арттыруға дайын. Жақын арада АҚШ пен Иран арасында бейбітшілік орнайды деп үміттенемін», —деді.
Мумини Исламабадтағы кездесулері аясында кеше Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен де жүздесті.























