ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі: «Түркия Сириядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, институционалдық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ Сирия халқының тыныштығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қолдауын жалғастыра береді», – деді.
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»

Ұлттық қорғаныс министрлігінің Баспасөз және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Зеки Актүрік апталық баспасөз брифингін өткізді.

Актүрік Түрік Қарулы күштерінің халықаралық міндеттер мен екіжақты қатынастар аясында кең географиялық аумақта бейбітшілік орнату және тұрақтылықты сақтау ісіне үлес қосуды жалғастырып жатқанын атап өтті.

«Осы тұрғыда Сирияда тұрақтылық орнатуға және Сирия халқының өмірін қалыпқа келтіруге үлес қосу мақсатында Түрік Қарулы күштері мен Сирия Қарулы күштерінің ынтымақтастығымен Евфрат өзенінде жүзеге асырылған екінші қалқымалы көпір жобасы 30 тамызда аяқталды. Бұған дейін су тасқынынан қираған көпірдің орнына салынған бұл нысан Евфрат өзенінің екі жағалауы арасындағы қатынасты жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл көпір  ̶ екі елдің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастық пен өзара қолдаудың нақты көрінісі. Түркия Сириядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, институционалдық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ Сирия халқының тыныштығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қолдауын жалғастыра береді», – деді ол.

Зеки Актүрік сондай-ақ бүкіл Таяу Шығысты қақтығыс аймағына айналдыруға ұмтылып отырған Израиль үкіметінің басқыншы және агрессиялық саясаты халықаралық қауымдастықтың көз алдында жалғасып жатқанын айтты.

«Израиль бір жағынан Сирия мен Ливанның аумақтық тұтастығын бұзатын әскери әрекеттерін жалғастырса, екінші жағынан Палестинадағы заңсыз қоныстанушылардың зорлық-зомбылығын қолдап отыр. Сонымен қатар Иерусалимдегі мұсылмандарға тиесілі қасиетті орындардың тарихи және құқықтық мәртебесін бұзатын арандатушылық әрекеттерін де жалғастыруда. Израильдің тек өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікке ғана емес, жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікке де нұқсан келтіретін мұндай әрекеттері аймақ халқының халықаралық құқыққа деген сенімін күн өткен сайын әлсіретуде. Өңірде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған күш-жігерімізді жалғастырамыз. Сондай-ақ Израильдің саясатына қарсы нақты әрі тиімді шаралар қабылдау халықаралық қауымдастықтың ортақ міндеті екенін атап өтеміз», – деді Актүрік.

Іздеу
Әділет министрі Гүрлек грек әріптесі Флоридиспен кездесті
Президент Ердоған Путинмен кездесті
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемдік алыптармен бәсекелесуде
Президент Ердоған: «Түркия бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күш салады»
СКТР-де аударылған кемеден 20 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
Президент Ердоған ШЫҰ Мемлекет басшыларының саммитінде отбасылық суретке түсу рәсіміне қатысты
Отандық жүрдек пойыз 250 км/сағ жылдамдықпен рекорд жаңартты
Министр Хакан Фидан мен Яшар Гүлер Бішкекке аттанды
Президент Ердоған Әзербайжан президенті Әлиевпен кездесті
Халықаралық Яхта Жарыстарының Жеңіс Кубогы кезеңі аяқталды
Мекке ортақ қорғаныс келісімі комитетінің алғашқы отырысы Cтамбулда басталды
Президент Ердоған Қырғызстанда
Түркияның отандық депозиттік жүйесі «DOA» «COP31» конференциясында таныстырылады
Түркия аударылған кемеде қаза тапқандар үшін көңіл айтты
Түрік Қарулы Күштері мен Сирия армиясы Евфрат өзеніне қалқымалы көпір салды
Президент Ердоған Шанхай саммитіне қатысады
Гирне маңында аударылған кемеден 237 адам құтқарылды, 7 адам қаза тапты
Түркия Алжирге көңіл айтты
Түркияда күннен электр өндіру шілдеде рекорд жаңартты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «YPG-нің таратылуы — маңызды қадам»