Президент Эммануэль Макрон қолдаған 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге кіруін бұғаттау туралы заң жобасы Франция Сенатында қабылданғаннан кейін Ұлттық парламентте де дауысқа салынды.
Заң жобасы дауысқа түскен отырыста сөз алған депутаттар бұл реттеудің француз балаларын қорғау үшін қажеттілік екенін баса айтты.
Айларға созылған талқыладан кейін соңғы нұсқасы бекітілген заң жобасын 81 депутат қарсы, 279 депутат қолдап, қабылдап шықты. Осылайша Франция «әлеуметтік желіні пайдалануға жас шектеуін енгізген алғашқы Еуропалық Одақ (ЕО) елі» атанды.
1 қыркүйектен бастап 15 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіде парақша ашуына рұқсат берілмейді
Заң жобасына сәйкес, әлеуметтік желі платформаларына жасты растау жүйесін орнату міндеттемесі жүктеледі және 1 қыркүйектен бастап 15 жастан кіші балалардың әлеуметтік желіде парақша ашуына рұқсат етілмейді.
Әлеуметтік желі платформаларынан 15 жасқа толмағандардың қазіргі уақытта белсенді тұрған парақшаларын 4 ай ішінде жабу талап етіледі.
Сонымен қатар 20-ға жуық ел балалардың әлеуметтік желіге кіруін реттейтін шешімдер қабылдады немесе осындай қадамдарға баратынын хабарлады.
Австралия, Қытай, Бразилия, Индонезия және Малайзия әлеуметтік желіні пайдалануға жас шектеуін енгізген елдердің қатарынан болса, ЕО да осы бағытта тиісті шаралар қабылдауға уәде берді.

























