ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
Францияда қатты дауыл салдарынан 2 адам қаза тапты, тұрғын үйлер мен көліктерге зақым келді, ал 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды.
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды, 2 адам қаза тапты.

Ұлттық БАҚ-тың хабарлауынша, кеше түнде Францияның бірнеше өңірінде қатты дауыл соқты.

Дауыл елдің бірқатар аймағында электр қуатының үзілуіне себеп болды.

Enedis” электр тарату компаниясының мәліметіне сәйкес, 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалған.

Әсіресе Овернь–Рона–Альпі және Жаңа Аквитания өңірлеріндегі тұрғындар зардап шекті.

Овернь–Рона–Альпі өңіріндегі Обена қаласында жүздеген көлікке, сондай-ақ тұрғын үйлердің шатырлары мен терезелеріне зақым келді.

Қалада шамамен 100 адам эвакуацияланып, уақытша паналау орталықтарына жеткізілді. Кемінде 5 адам жарақат алды.

Луара департаментінің Сент-Этьен қаласында болған құйын салдарынан екі жүк көлігі A72 автомагистраліне аударылып кетті.

Оқиға көлік қозғалысына кері әсерін тигізді. Сонымен қатар осы департаментте өрт сөндірушілер қолайсыз ауа райына байланысты 600-ден астам шақыртуға шыққан.

Изер департаментіндегі Сен-Кантен-Фаллавье елді мекенінде де қатты дауыл салдарынан кейбір ағаштар тамырымен құлап, электр бағандары құлады, ал үйлердің шатырларын жел ұшырып әкетті.

2 адам қаза тапты

Жаңа Аквитания өңіріндегі Сен-Виктюрньен  ауылында 30 жастағы әйелдің үстіне ағаш құлап, оқиға орнында көз жұмды.

Ал Овернь–Рона–Альпі өңіріндегі Доломье елді мекенінде найзағай түсуінен тұтанған шеберханада 37 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?